АЭА дамуының әлемдік тәжірибесі және оны Қазақстанда пайдалану мүмкіндігі
Қаралымдар: 8 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-119-139Кілт сөздер:
арнайы экономикалық аймақтар, экспорттық өңдеу аймақтары, арнайы сауда аймақтары, арнайы аймақтар, жаһандануАңдатпа
Мақаланың мақсаты – арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) қалыптасуы мен жұмыс істеуінің теориялық және практикалық негіздерін кешенді түрде талдау, сондай-ақ олардың ХХІ ғасырдағы ұлттық экономикалардың тұрақты дамуына ықпалын бағалау.
Әдістер – зерттеу барысында диалектикалық, жүйелік талдау, салыстырмалы талдау, дерексіз-логикалық жалпылау, статистикалық деректерді өңдеу және халықаралық тәжірибені зерделеу әдістері қолданылды.
Нәтижелері – әлемдік тәжірибеде арнайы экономикалық аймақтардың таралу динамикасы талданып, олардың санының 1980 жылдардың соңынан бастап айтарлықтай өскені анықталды; дамыған және дамушы елдердегі АЭА қызметінің ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді; АЭА-ның инвестиция тарту, экспортты ынталандыру және өңірлік дамуды жеделдетудегі рөлі негізделді; сондай-ақ олардың экономикалық саясаттағы басым құралдардың бірі ретінде қалыптасқаны көрсетілді.
Қорытындылар – арнайы экономикалық аймақтар қазіргі жаһандық экономикада тиімді институционалдық құрал ретінде танылып, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, инвестициялық белсенділікті арттыруға және елдердің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал ететіні анықталды. Сонымен қатар, АЭА-ны тиімді дамыту үшін ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, институционалдық және басқарушылық тетіктерді жетілдіру қажеттілігі негізделеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Ж. Ермекова, Д. Садыханова, Ж. Құрманбекова

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





