Жоғары оқу орындарының маркетингтік әлеуеті: цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдер


Қаралымдар: 15 / PDF жүктеулері: 5

Авторлар

  • А. Дуйсембаев Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-133-145

Кілт сөздер:

маркетинг, жоғарғы білім беру, цифрлық маркетинг, цифрлық технологиялар, AI Маркетинг, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік желі маркетингі, маркетингтік құралдар

Аңдатпа

Бұл зерттеу Digital дәуіріндегі жоғары білім беру үрдісінің маркетингтік әлеуетіне арналған. Қазіргі таңда, білім беру саласы жылдам цифрлануда, ал жоғары оқу ұйымдары өз бәсекелестік позицияларын сақтау және арттыру үшін жаңа технологиялық-маркетингтік шешімдерді қолдануға мәжбүр болуда. Мақаланың мақсаты - инновацияға негізделген маркетингтік және цифрландыру құралдарын қолдану арқылы білім беру ұйымдарының бәсекелестік артықшылықтарын және оларды пайдаланудың тиімді жолдарын айқындау.

Мақаланы әзірлеу барысында әдеби шолу, салыстырмалы талдау, статистикалық мәліметтерді өңдеу және кейс-стади зерттеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер білім беру ұйымдарының цифрлық маркетинг стратегияларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері - цифрлық маркетинг құралдарын, нақты айтсақ SEO, контент-маркетинг және электрондық платформаларды қолданатын жоғары білім беру ұйымдары білім беру сапасын жетілдіруде және имиджін қалыптастыруда айтарлықтай артықшылыққа ие болатындығына қатысты келтірілген талдаулар және көрсеткіштермен сипатталады.

Жұмыстың ғылыми маңыздылығы – білім беру және маркетинг теориясын біріктіре отырып, жоғары оқу үрдісіндегі цифрлық трансформациялық үрдісті талдау. Тәжірибелік мәні – білім беру ұйымдарына цифрлық маркетинг құралдарын енгізу арқылы нарықтағы позицияларын күшейтуге бағытталған ұсыныстар жасау.

Қорытындылар: осы зерттеу жоғары білім беру саласына цифрлық маркетингтің маңыздылығын нақты мысалдар арқылы көрсетіп, білім беру ұйымдарының стратегиялық шешім қабылдау процесіне үлес қосады. Жұмыс нәтижелері жоғары білім беру саласының менеджерлеріне маркетингтік іс-әрекеттерді жоспарлауда, білім беру бағдарламаларын дамытуда және ұйымдардың нарықтағы бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыруда тәжірибелік қолданысқа ұсынылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Дуйсембаев, А. (2026). Жоғары оқу орындарының маркетингтік әлеуеті: цифрлық технологиялар мен инновациялық тәсілдер. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (2), 133–145. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-133-145

Журналдың саны

Бөлім

Статьи