Агро саланың әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын арттырудағы ауыл шаруашылығын инклюзивті дамытудың қаржылық механизмі
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-160-180Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, инклюзивті даму, қаржылық механизм, тұрақты экономика, несиелік қолдау, тұрақты даму мақсаттары, корреляциялық-регрессиялық талдау, математикалық модельдеуАңдатпа
Экономиканы тұрақты дамыту мақсатында аграрлық секторды қаржылай қолдауға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар көзделген.
Зерттеудің мақсаты – ауыл шаруашылығының негізгі даму көрсеткіштеріне қаржы құралдарының ықпалын бағалау, сондай-ақ инклюзивті даму үшін маңызды қаржылық механизмдерді анықтау.
Гипотеза – ауыл шаруашылығы саласына бағытталған қаржылық ресурстардың ұлғаюы, экономикалық белсенді халықтың үлесін арттыруға, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашуға және экспорттық әлеуетті күшейтуге ықпал етеді.
Әдістері – ауыл шаруашылығы экономикасының дамуын талдау үшін статистикалық және математикалық әдістер, сондай-ақ негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлардың оның инклюзивті дамуына әсерін бағалау үшін диалектикалық және абстрактілі-логикалық тәсілдер қолданылды.
Нәтижелер – жүргізілген талдау нәтижесінде ауыл шаруашылығының инклюзивті дамуымен байланысты экономикалық және әлеуметтік мәселелер анықталды. Осы деректер негізінде қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды жақсартуға арналған стратегия әзірленді, бұл экономикалық белсенді халықтың үлесін арттыруға, ауыл шаруашылығы үшін қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау үшін экономикалық және математикалық моделдеу негізінде ұсынылған әдістеме әзірленді.
Қорытындылар – авторлар ауыл шаруашылығын қаржыландыру механизмдерін жетілдіру мен экономикалық теңсіздікті азайту, жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын арттырудың маңыздылығын атап өтеді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Т. Арзаева, Б. Аймурзина , Şaban Çelik

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





