Цифрландыру жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың басымдықтары


Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • Р. Бигожин Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • A. Тулаганов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Г. Мусиров Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-20-34

Кілт сөздер:

жоғары білім, цифрландыру, жаңғырту, университет, сапаны қамтамасыз ету, адами капитал, ынтымақтастық

Аңдатпа

Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында жаңғыртудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ цифрлық трансформация үдерісінде жоғары білім берудің тиімділігін арттырудың заманауи тетіктерін айқындау.

Зерттеу барысында диалектикалық, дерексіз-логикалық, жүйелік, салыстырмалы және контент-талдау әдістері қолданылды. Сонымен қатар нормативтік-құқықтық актілерді, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды талдау, статистикалық деректерді жалпылау және құрылымдық салыстыру тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесіндегі цифрландыру үдерістерінің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізілді. Университеттердің академиялық және қаржылық автономиясын кеңейту, білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және цифрлық инфрақұрылымды нығайту жоғары білім беруді жаңғыртудың негізгі бағыттары ретінде айқындалды. Сонымен қатар цифрлық технологиялардың білім сапасына, басқару тиімділігіне және университеттердің бәсекеге қабілеттілігіне ықпалы бағаланды.

Авторлар жоғары білім беру жүйесін цифрландыру жағдайында жаңғырту елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды факторы екенін атап көрсетеді. Зерттеу нәтижелері негізінде жоғары білім беру саласын басқарудың тиімді тетіктерін жетілдіру, цифрлық трансформацияны институционалдық тұрғыдан қолдау және адами капиталдың сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар тұжырымдалады. Қорытындылар – алынған нәтижелер білім беру саясатын жетілдіруде, университеттердің стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуде және адами капитал сапасын арттыруда қолдануға болады.

Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, ұлттық жобалар, тұжырымдамалар мен статистикалық деректер басшылыққа алынды. Әдіснамалық негіз ретінде жүйелік, салыстырмалы және контенттік талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары ретінде университеттердің академиялық және қаржылық автономиясын кеңейту, білім сапасын қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, кадрлық әлеуетті дамыту, ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру және цифрлық инфрақұрылымды нығайту анықталды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы –цифрлық трансформация жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру саласын тиімді басқару тетіктерін айқындау. Алынған нәтижелер білім беру саясатын жетілдіруде, университеттердің стратегиялық даму жоспарларын әзірлеуде және адами капитал сапасын арттыруда қолдануға болады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бигожин, Р., Тулаганов A., & Мусиров, Г. (2026). Цифрландыру жағдайында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың басымдықтары. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (2), 20–34. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-20-34

Журналдың саны

Бөлім

Статьи