Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу саласындағы ресурстарды үнемдеу және мұнай қалдықтарын екінші реттік пайдалану – циркулярлық экономиканың элементтері ретінде
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 2
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-1-102-118Кілт сөздер:
циркулярлық экономика, мұнай қалдықтары, мұнай шламдары, мұнай саласы, қалдықтарды қайта өңдеу, ресурстық тиімділік, экологиялық реттеу, тұрақты дамуАңдатпа
Зерттеудің мақсаты – циркулярлық экономика қағидаттарын енгізу контексінде Қазақстан Республикасының мұнай саласында ресурстарды үнемдеудің және мұнай қалдықтарын қайталама пайдаланудың маңыздылығын негіздеу. Зерттеудің әдіснамалық негізін жүйелік, құрылымдық-динамикалық және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ ресурстық тиімділіктің үлестік және салыстырмалы көрсеткіштерін есептеуге арналған экономикалық-математикалық әдістер және мұнай құрамды қалдықтарды қайта өңдеу практикасын талдауға бағытталған кейс-әдіс құрайды. Зерттеудің эмпирикалық базасы уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми статистикалық және ведомстволық деректерінен, сондай-ақ мұнай-газ компанияларының корпоративтік есептілігінен қалыптастырылды.
Зерттеу нәтижелері циркулярлық экономика қағидаттарын мұнай қалдықтарын басқару жүйесіне интеграциялау қалдықтарды көму көлемін қысқартуға, ресурстық тиімділікті арттыруға және мұнай саласының экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететінін растайды. Мұнай құрамды қалдықтарды қайталама шаруашылық айналымға тартуға және Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мұнай қалдықтарын басқарудың сызықтық моделінен циркулярлық жүйеге көшу орынды екендігі туралы қорытынды жасалды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Д. Сатенова, Б. Исаева, П. Терелянский

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





