Қазақстанның қолма-қолсыз төлемдер нарығы: үрдістері мен даму перспективалары
Қаралымдар: 14 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-223-237Кілт сөздер:
қолма-қолсыз төлемдер, төлем жүйелері, төлем инфрақұрылымы, финтех, қаржылық инклюзия, цифрлық трансформацияАңдатпа
Соңғы онжылдықта Қазақстан негізінен қолма-қол есеп айырысуға негізделген экономикадан іс жүзінде толықтай қолма-қол ақшасыз экономикаға сапалы көшу үрдісін көрсетті. Бұл қарқынды өсу елдегі төлем жүйелерін цифрландыру тәжірибесін зерттеудің және нарықтың негізгі үрдістері мен даму перспективаларын айқындаудың қажеттілігін арттырды. Мақсаты – Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығына кешенді құрылымдық талдау жүргізу, оның жедел өсу факторларын, ұлттық үлгінің институционалдық және технологиялық ерекшеліктерін анықтау, сондай-ақ экономиканы цифрландыру жағдайында одан әрі даму перспективаларын бағалау. Әдістері – зерттеу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық деректерін ретроспективті талдау әдістері, құрылымдық-институционалдық тәсіл және халықаралық тәжірибемен салыстырмалы талдау элементтері қолданылды. Нәтижелері – зерттеу кезеңінде (2016–2025 жж.) Қазақстанда қолма-қол есеп айырысудан қолма-қол ақшасыз экономикаға жедел көшу жүзеге асты: ақшасыз транзакциялар үлесі 16%-дан 87%-ға дейін өсті, ал белсенді төлем карталарының саны 42,6 миллионнан асты. Негізгі драйверлерге төлем инфрақұрылымын дамыту, реттеуші бастамалар, банк және финтех секторларындағы бәсекелестік, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы жатады. Мақалада төлем жүйелерін цифрландырудың халықаралық модельдерімен (әсіресе Үндістан және Ресей) салыстыру жүргізіліп, Қазақстан тәжірибесінің бірегей ерекшеліктері анықталды. Қорытындылар – Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығының тұрақты дамуы институционалдық, инфрақұрылымдық және нарықтық факторлардың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде қамтамасыз етіліп, қаржы жүйесінің терең цифрлық трансформациясына негіз болды. Зерттеу нәтижелері тиімді төлем саясатын әзірлеу және елдегі қаржылық инклюзияны арттыру үшін практикалық маңызға ие.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 А. Орынбасарова , Д. Мансуров

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.





