Жобалық басқару мен ESG интеграциясы: мұнай-газ секторындағы ғылыми көзқарастарға шолу


Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 4

Авторлар

  • А. Кулькенова әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Молдабекова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты», Қазақстан Республикасы
  • К. Браувайлер Цвиккау қаласындағы Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-115-132

Кілт сөздер:

ESG, жобалық басқару, мұнай-газ саласы, тұрақты даму, мүдделі тараптар

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы мұнай-газ секторында ESG (Environmental, Social, Governance) факторларын жобалық басқаруға интеграциялау тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді жүйелеуге арналған теориялық шолу болып табылады. Зерттеудің мақсаты – мұнай-газ жобаларында ESG интеграциясына қатысты ғылыми көзқарастарды жүйелеп, негізгі бағыттарды анықтау және теориялық олқылықтарды көрсету арқылы болашақ зерттеулерге тұжырымдамалық бағдар ұсыну. Зерттеу Scopus және Web of Science дерекқорларындағы еңбектерді талдау арқылы ESG және жобалық басқару қиылысындағы ғылыми ағымдарды айқындады. Нәтижелер ESG интеграциясының төрт басым бағытын көрсетті: (1) комплаенс пен есептілікке негізделген тәсілдер; (2) тәуекелдерді басқару және HSE арқылы ықпалды түсіндіру; (3) stakeholder басқару және әлеуметтік лицензия (social license to operate) логикасы; (4) ұйымдық икемділік, agile және гибрид басқару тәсілдері. Әдеби синтез негізінде ESG-дің жобалық нәтижелерге әсері тәуекелдер, KPI, procurement, stakeholder engagement және project governance механизмдері арқылы іске асатынын түсіндіретін көпдеңгейлі өмірлік циклдік тұжырымдамалық модель ұсынылды. Практикалық маңыздылығы – ұсынылған жіктеу мен модель мұнай-газ компанияларына ESG талаптарын жобаның жоспарлау–орындау–бақылау жүйесіне кіріктіруге, сондай-ақ өмірлік циклдің әр кезеңінде ESG көрсеткіштерін нақтылауға әдістемелік негіз береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кулькенова A., Молдабекова A., & Браувайлер C. (2026). Жобалық басқару мен ESG интеграциясы: мұнай-газ секторындағы ғылыми көзқарастарға шолу. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ хабаршысының экономика сериясы, (2), 115–132. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2026-2-115-132

Журналдың саны

Бөлім

Статьи