Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығына COVID-19 пандемиясының әсерін бағалау
Қаралымдар: 72 / PDF жүктеулері: 99
Кілт сөздер:
Қазақстан, COVID-19, пандемия салдары, корреляция-регрессиялық талдау, жылжымайтын мүлiк нарығы, инвестиция.Аңдатпа
Мақаланың өзектілігі үй шаруашылықтарының COVID-19 пандемиясының экономикалық салдары, инфляция және халықтың нақты кірістерінің төмендеуі аясында жинақтарды сақтау және ұлғайту мақсатында тұрғын үй жылжымайтын мүлікке ұтымды инвестиция салуға ұмтылуымен түсіндіріледі. Зерттеу объектісі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ағымдағы экономикалық жағдайларды ескере отырып, үй шаруашылықтары үшін инвестиция ретінде жылжымайтын мүлік болып табылады.
Бұл мақалада COVID-19 коронавирустік жұқпасының 2019-2021 жж. аралығындағы тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларына әсеріне салыстырмалы корреляция-регрессиялық талдау жасалынады. Мақаланың зерттеу әдісі бойынша қарастырылатын COVID-19 пандемиясының жылжымайтын мүлік нарығына әсерін бағалауға арналған алғашқы мақалалардың бірі болып табылады.
Зерттеу статистикалық әдістермен, талдау әдістерімен, модельдеумен, сонымен қатар салыстыру әдісімен жүргізілді. Жылжымайтын мүлікке инвестиция қарапайым үй шаруашылығының капиталын сақтау мен ұлғайтудың ең қарапайым және түсінікті құралы екендігі туралы қорытындылар жасалды. Мақала жылжымайтын мүлікпен айналысатынкомпания мамандары, жылжымайтын мүлік және инвестиция мәселелерімен айналысатын зерттеушілер мен практиктер үшін маңызды болады.
Корреляция-регрессиялық талдау нәтижесінде тұрғын үйді сатып алу-сату операцияларының саны мен COVID-19 жұқтырғандар санының арасында тығыз байланыс бар екенін көрдік. Бұл байланыстың тығыздығына 2019-2021 жж. аралығындағы жылдық көрсеткіш бойынша да, айлық көрсеткіштер бойынша да талдау жүргіздік. Алынған нәтижелер бойынша, тұрғын үй нарығындағы тұрақсыздық жағдайын байқадық. Мәмілелер санының бірден артуы мен төмендеуінің негізгі себептерінің бірі COVID-19 көрсеткіштері екенін дәлелдедік.