Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайы және дамуының проблемалары
Қаралымдар: 53 / PDF жүктеулері: 62
Кілт сөздер:
Aгроөнеркәсіп кешен, ауыл шаруашылық, мал шаруашылығы, бағдарлама, өндірушілер, агроөнеркәсіптік кешендегі инновациялар, ауыл шаруашылығы бизнесінің бәсекеге қабілеттілігіАңдатпа
Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жолдары қарастырып «Қазақстан Республика-
сының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ая-
сында іске асырылатын тапсырмалар келтіріледі. Аграрлы-шаруашылық кешенін дамытудың қазіргі жағдайы
қарастырылып, аумақтағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларына талдау жасалынады, бәсекелестікке
қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі - құрылымдық өзгерістер жа-
сау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, сонымен қатар,
дәстүрлі емес шаруашылық түрлерін дамытуды қарастырады. Ауыл шаруашылығын дамытудың инноваци-
ялық бағыттары мен кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарттары да кеңінен зерттеледі. Ауыл шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеу саласын құру және дамытудың стратегиялық бағытының аясында қызмет ету сфера-
ларының сүт пен сүт өнімдері, ет пен ет өнімдері өндірісін құру және дамытуға бағытталған кешенді іс-ша-
ралар мен ұсынымдар келтіріледі.