Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалаудың қазіргі жағдайын талдау
Қаралымдар: 108 / PDF жүктеулері: 156
Кілт сөздер:
тәуекел, тәуекелге бағдарланған қадағалау, шектеулі ықпал ету шаралары, қадағалап ден қою шаралары, сенімділік индексі мен рейтингі, дәстүрлі қадағалау, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіАңдатпа
Банктік қадағалау салымшылардың салымдарын қорғау және тұтастай экономиканы жүйелік дағдарыстардан, банктердің тәуекелге ұшырауын бақылауға бағытталған қазіргі қаржы жүйесінің маңызды аспектісі болып табылады. Қаржы нарығындағы жаңа цифрлық технологиялардың дамуы өз кезегіндегі банк өнімдерінің қашықтықтан ұсынылуына және екінші деңгейлі банктердің тәуекел бейінінің (профиль) өзгеруіне алып келуде. Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалаудың қазіргі жағдайы, тәуекелге бағдарланған қадағалаудың дәстүрліден айырмашылығы және оның іске асырылу кезеңдері, отандық нарықтағы уәкілетті органның қадағалау және реттеу барысындағы қолданатын шектеулі ықпал ету шаралары мен қадағалап ден қою шараларының түрлеріне де талдау жасалды. Сонымен қатар, мақалада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (келесіде ТМД) құрамындағы бірнеше мемлекеттердің және дамыған мемлекеттердің банк саласының сенімділік индексі мен рейтингі талданып қарастырылды.