Мемлекеттік инвестицияларды басқару тиімділігін бағалау бойынша халықаралық қаржы институттарының әдіснамасы


Қаралымдар: 76 / PDF жүктеулері: 91

Авторлар

  • Л. Сембиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Л. Бейсенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ә. Исмаилова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

бюджеттік инвестициялар, басқару сапасын бағалау, инфрақұрылымға инвестициялар, тиімділік, әдістеме.

Аңдатпа

Мақалада халықаралық ұйымдардың мемлекеттік инвестицияларды басқару тиімділігін бағалау тәсілдері талданады. Мемлекеттік шығыстар және базалық инфрақұрылым деңгейі шеңберінде Қазақстан бойынша халықаралық ұйымдардың бағалауы мен рейтингтері қаралды. Инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық тізбегін сенімді басқару жүйесі мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыра алатындығына ерекше назар аударылады. Бұл саладағы инфрақұрылымдық инвестициялар мен мемлекеттік басқарудың тиімділігі әртүрлі жолмен бағалануы мүмкін екендігі анықталды. Жүргізілген зерттеу халықаралық ұйымдардың жобаның өмірлік циклын бағалауға, инфрақұрылымдық инвестицияларды бюджеттік циклге интеграциялауға, мемлекеттік инвестициялар тиімділігінің ұлттық индекстерін (рейтингтерін) қалыптастыруға негізделген бірқатар жаңа әдістемелер әзірлегенін және практикада қолданғанын айтуға мүмкіндік береді. Авторлардың пікірінше, осы әдістемелердің кейбірі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік инфрақұрылымдық инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін өзекті болып табылады.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сембиева, Л., Бейсенова, Л., & Исмаилова, А. (2022). Мемлекеттік инвестицияларды басқару тиімділігін бағалау бойынша халықаралық қаржы институттарының әдіснамасы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 207–217. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/163

Журналдың саны

Бөлім

Статьи