Келісілген аудит: халықаралық және отандық тәжірибе


Қаралымдар: 62 / PDF жүктеулері: 81

Авторлар

  • Б. Алибекова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • А. Мақсот Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

мемлекеттік аудит, келісілген аудит, бірлескен аудит, қатар аудит, үйлестірілген аудит.

Аңдатпа

Еліміздегі мемлекеттік аудит жүйесі күннен күнге дамып, шетелдік озық тәжірибелер отандық құқықтық актілерді, стандарттарды құруға, сонымен бірге, мемлекеттік аудит органдарының қызметін жетілдіруге оң әсерін тигізуде. Алайда аудиттің түрлері әлі толық зерттелмеген. Негізгі сыртқы және ішкі аудит түрлерінен басқа, мемлекеттік аудит тексеру объектісіне, өткізілетін уақытына, тексеру сипатына да байланысты бөлінеді.  Осы тұрғыдан алғанда отандық мемлекеттік аудит органдары үшін келісілген аудит ерекше қызығушылыққа ие. Сондықтан, бұл мақалада үздік тәжірибелерді анықтау мақсатында әлемдік деңгейде көпшілік мемлекеттің Жоғары аудит органдарының  тәжірибесінде бар келісілген аудит зерттеліп, оның өз ішінде қалай жіктелетіндігі және дефинициялары нақтыланып, келісілген аудиттің авторлық анықтамасы қалыптастырылды. Есеп комитетінің келісілген аудитті өткізу тәжірибесі, оның қолданыстағы түрлерінің басымдықтары мен кемшіліктері бағалана отырып, талданды. Қазіргі таңда комитет келісілген аудиттың тек екі түрін, нақты айтқанда қатар және бірлескен нұсқасын пайдаланатындығы, сондай ақ оларды негізінен тиімділік аудиті немесе сәйкестік аудиті типінде жүзеге асыратындығы анықталды.   Нәтижесінде отандық мемлекеттік аудит органдарының тәжірибесіне үйлестірілген  аудитті енгізу  және келісілген аудиттердің тиімділік, сәйкестік типтерімен қатар қаржылық есептілік типін кеңінен қолдану қажеттілігі негізделіп, ұсынылды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Алибекова, Б., & Мақсот, А. (2022). Келісілген аудит: халықаралық және отандық тәжірибе. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 218–227. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/164

Журналдың саны

Бөлім

Статьи