Қонақ үй сипаттамаларының рейтингтері негізінде бәсекеге қабілеттілігін анықтау: Ақтау қаласы мысалында


Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 83

Авторлар

  • А. Әмірбаева «Тұран-Астана» Университеті
  • Г. Сапарова «Тұран-Астана» Университеті
  • Б. Бекбусинова «Тұран-Астана» Университеті

Кілт сөздер:

қонақ үй; бәсекелестік; рейтинг; сипаттамалар; Booking.com; стандартты ауытқу; қабылдау карта.

Аңдатпа

Соңғы жылдары қонақ үй индустриясы Маңғыстау облысында өте қарқынды даму үстінде. Демек, бәсекелестік орта нығыздалып, кейбір қонақ үйлерге жұмыс жасау қиындап барады. Қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігін анықтау менеджерлер үшін нарықта орнын қорғауда тиімді стратегияларды жасауда және олардың бизнесін жылжытуда өте маңызды. Бұл мақалада қонақ үйлерді салыстыру үшін статистикалық әдістер қолданылады. Booking.com онлайн-сайтының деректері алты қонақ үйдің рейтингісін талдау және салыстыру үшін пайдаланылды. Бірінші кезекте, қонақ үй туралы жалпы мәліметтер жиналды, тұтынушылардың жазған пікірлер саны салыстырылды, әр қонақ үйдің туристер сегменті анықталды. Келесі кезекте, рейтингтерге негізделіп, стандартты ауытқу әдісін қолданып, қонақ үйлердің бәсекелестік ортада сапалы қызмет көрсету тұрақтылығын анықтадық. Үшінші кезекте, қонақ үйдің сипаттамаларының тұтынушыларға қаншалықты маңызды екенін талдай отырып, алты қонақ үйдің сегіз белгіден қалай ерекшеленетінін көрсету және салыстыру үшін қабылдау картасы жасалды. Ұсынылып отырған әдістер зерттеушілер мен қонақ үй менеджерлері үшін қонақ үйлердің бәсекеге қабілеттілігін бағалауда және әлеуетті тұтынушыларды едәуір тарту үшін жақсартуды қажет ететін маңызды сипаттамаларды анықтауда пайдалы.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Әмірбаева, А., Сапарова, Г., & Бекбусинова, Б. (2022). Қонақ үй сипаттамаларының рейтингтері негізінде бәсекеге қабілеттілігін анықтау: Ақтау қаласы мысалында. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 228–238. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/166

Журналдың саны

Бөлім

Статьи