Экономикалық субъектілердің даму тұрақтылығының көрсеткіштерін талдаудың әдіснамалық тәсілдері
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 34
Кілт сөздер:
талдау, экономикалық субъект, таза табыс, даму тұрақтылығы, теңгерімділік, қаржылық тұрақтылық, қаржы, қаржылық жағдай.Аңдатпа
Экономикалық субъектілердің тұрақты дамуы үшін көрсеткіштер жүйесін талдау әдістемесі
мәселесі көптеген ғылыми мақалаға арнау болған. Дегенмен, қазіргі уақытта пікірталастың өзектілігі төменде-
меді, керісінше маңыздырақ бола бастады. Экономикалық субъектілердің тұрақты дамуы үшін көрсеткіштер
жүйесін қалыптастырудың бірыңғай әдістері мен әдістемесі объективті себептер салдарынан әлі жасалмаған.
Ең алдымен, ол қаржы-шаруашылық қызметтің түрлі салаларында бизнесті жүргізудің жеке жағдайына бай-
ланысты. Тұрақсыздық, сонымен қатар, дағдарыстық экономикалық құбылыстар бизнес жүргізу жағдайына
өзінің өзгерістерін енгізеді, ол құрылған қаржылық және өндірістік жоспарлардың жедел түзетуін талап етеді.
Экономикалық субъектілердің тұрақтылығының әдіснамасы мәселелерінің өзектілігі мен тартымдылығы
осы аспектіні зерттеудің табиғатын анықтады. Экономикалық субъектінің тұрақты даму көрсеткіштерін жал-
пылау және жүйелендіру қаржы-шаруашылық қызметінің барлық тетіктерінің теңгеріміне байланысты таза
табыстың өсіміне әкеледі.