Аумақтық даму бағдарламаларын іске асыру кезінде туризмді дамыту мақсаттарына қол жеткізу тиімділігін бағалау
Қаралымдар: 77 / PDF жүктеулері: 94
Кілт сөздер:
туризм, тиімділік, мақсаттарға қол жеткізу, салыстырмалы талдау, аймақтық даму.Аңдатпа
Бұл мақала туризмді дамытудың нысаналы индикаторларына қол жет-
кізу тұрғысынан аумақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырудың тиімділігін баға-
лауға арналған. Зерттеу процесінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган
бекіткен мақсаттарға қол жеткізу тиімділігін бағалау әдістемесі, сондай-ақ байқау,
сипаттау, салыстырмалы, формальды-логикалық және танудың басқа да әдістері си-
яқты зерттеу әдістері қолданылды. Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде 17 өңірдің
аумақтарын дамытудың бекітілген бағдарламаларының деректері, Стратегиялық
жоспарлау және реформалар жөніндегі Агенттіктің Ұлттық статистика бюросының
«Қазақстан туризмі» статистикалық жылнамалары пайдаланылды. Бұл ретте ау-
мақтарды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде туризмді дамыту мақсаттары-
на қол жеткізудің тиімділігі мәселелерін зерделеуге арналған зерттеулер бойынша дерек-
терді сұрыптауды, есептеуді және түсіндіруді авторлар дербес жүзеге асырды. Зерттеу
нәтижелері бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу коэффициенттерінің есебі
жүргізілді, 14 облыстың және республикалық маңызы бар 2 қаланың және астананың ау-
мақтарын дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде туризмді дамыту бойынша
жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділік дәрежесі бағаланды, қолданыстағы
әдістеменің кемшіліктері анықталды және оны жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.