Қазақстан Республикасындағы электрондық үкіметті халықаралық бағалау
Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 194
Кілт сөздер:
Электрондық Үкімет, БҰҰ электрондық үкіметінің даму индексі, ақпараттық-комму- никациялық технологиялар, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимылы, субиндекс, статистикалық мәліметтер.Аңдатпа
Бірқатар дамыған елдерде электрондық үкімет қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемле-
кеттік басқаруды қалыптастырудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет»
азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимылсыз әлеуметтік маңызы бар сұрақтарға
тез жауап алуға мүмкіндік береді, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде барлық әкімшілік кедергілерді
жояды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді. Қазіргі уақытта Қазақстан «Электрон-
дық үкіметті» белсенді түрде енгізуде және бұл ел Азиядағы осы бағыттағы көшбасшылардың бірі болып
табылады деп айтуға болады. Біздің еліміз «электрондық үкіметті» дамытуда және оны ел мен қоғамның
күнделікті өміріне енгізуде елеулі үдерісті көрсетіп отыр. Мақалада электрондық үкіметтің Қазақстан
Республикасында теориялық және практикалық аспектілерде қалыптасу процесі қарастырылады. БҰҰ
электрондық үкіметін дамыту индексінің халықаралық бағалары негізінде біздің елде электрондық
үкіметті дамыту нәтижелерін жетілдірудің салыстырмалы талдауы мен түйінді сәттері ұсынылған.