Беларусь Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың тұжырымдамалық негізі
Қаралымдар: 53 / PDF жүктеулері: 100
Кілт сөздер:
әйелдер кәсіпкерлігі, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, институционалдық модель.Аңдатпа
Мақалада Беларусь Республикасындағы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау туралы теори-
ялық түсінікке жаңа көзқарас ұсынылған. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың отандық тәжірибесінің әл-
сіз жақтары анықталды. Мақалада әйелдер кәсіпкерлігінің даму жағдайларын үш компонент бойынша
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер мен индикаторлар сипатталған, сондай-ақ экономикадағы
кәсіпкерлер арасындағы гендерлік алшақтықты қысқартуға ықпал ететін факторлар мен жағдайлар ба-
яндалған. Мақалада елдің тұрақты дамуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер кәсіп-
керлігін дамытудың басым бағыттары айқындалған.
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың стратегиялық бағдары ретінде «әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру
есебінен тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу» авторлық тұжырымы ұсынылды. Ұсынылып отырған
тұжырымдар елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы негізгі құжаттармен үйлестіріл-
ген және негізгі стратегиялық бағдарларды көрсетеді: бизнесті жүргізудің тұрақты, ыңғайлы және бол-
жамды жағдайларын жасау; шағын және орта кәсіпкерліктің ұлттық экономиканың экономикалық көр-
сеткіштеріне үлесін ұлғайту.
Шетелдік тәжірибені бейімдеу негізінде Беларусь Республикасында әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың
құрылымдық-логикалық схемасы ұсынылды. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауды іске асыру үшін қажетті
жүйелі тәсіл ұсынылды. Жүйелік тәсілді қолдану жүйенің тиісті элементтерінің өзара байланысты жұ-
мыс істеуін болжайды, олардың қызметі жалпы мақсатқа жету үшін үйлестіріледі. Процестік тәсілді
қолдану әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі қызметтің циклдік сипатына негізделген. Бұл тәсіл ке-
зеңдер түрінде ұсынылуы мүмкін: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Мақалада сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігін қолдаудың институционалдық моделі ұсынылған.