Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық көлік-логистикалық жүйесін қалыптастыру моделі
Қаралымдар: 126
Кілт сөздер:
логистикалық жүйе, аймақ, ағын, көлік-логистикалық жүйесі, тауар қозғалысы.Аңдатпа
Мақалада аймақтық көлік-логистикалық жүйелерді қалыптастыру мәселелері және
Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымының ерекшеліктері қарастырылған. Қазақстан Республи-
касының басты стратегиялық міндеттерінің бірі бұл ішкі көлік инфрақұрылымын дамыту. Сондықтан
стратегияда көлік-тасымалдау қызметтерінің ішкі нарығын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Осы негізде
аймақтардың көлік-логистикалық жүйесінің инновациялық дамуы аталған мәселеге тікелей байланы-
сты. Осы себептер негізінде авторлар республика аймақтарынның көлік жүйесін халықаралық көлік-ло-
гистикалық тауар өткізу жүйелеріне интеграциялау мәселелерін зерделеді. Атап айтқанда, Нұр-Сұл-
тан қаласының аймақтық көлік-логистикалық жүйесін (АКЛЖ) қалыптастыру мәселелері зерттелген. Нұр-Сұлтан қаласының АКЛЖ қызметінің мәселелерін зерделеу бойынша зерттеулер жүргізілді. Нәти-
жесінде аймақтық көлік-логистика жүйесін қалыптастыру моделі ұсынылды. Ұсынылған модельдің мәні
аймақтың тауар нарығының халықаралық және республикалық көлік жүйелерімен оңтайлы өзара іс-қи-
мылы негізінде АКЛЖ қызметінің нәтижелілігін арттыру болып табылады.