Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үрдістері
Қаралымдар: 87 / PDF жүктеулері: 203
Кілт сөздер:
банк; банк секторы; қаржылық тұрақтылық; үрдістер; Қазақстан Республикасы; коро- новирус (Covid-19).Аңдатпа
Бұл ғылыми мақалада авторлар Қазақстанның банк секторының қазіргі жағдайын, сон-
дай-ақ оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үрдістерін қарастырады. 2010 жылдан бастап
2020 жылға дейінгі он жылдық кезеңдегі Қазақстан екінші деңгейдегі банктері құрылымының серпіні
не талдау жүргізілді. Авторлар 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде Қазақстанның ЕДБ
шоғырландыру және банкротқа ұшырау хронологиясын жасады. Қазақстан экономикасындағы банк сек-
торының рөліне жүргізілген талдау авторларға отандық қаржы нарығының тоқырау себептерін анықта-
уға мүмкіндік берді. Мақалада сонымен қатар коронавирустың банк жүйесіне әсері және банктердің
одан әрі дамуы мен өзгеру тенденциялары қарастырылады. Зерттеушілер қаржы және оның ішінде банк
секторын дамытудың қазіргі және болашақ трендтеріне әсер ететін факторларды анықтады. Осы зерттеу
шеңберінде авторлар Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің не-
гізгі он екі үрдісін ұсынады.