Инвестициялардың Қазақстанның экономикалық өсуінің серпіні мен сапасына ықпалы
Қаралымдар: 164 / PDF жүктеулері: 44
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2021-4-24-39Кілт сөздер:
негізгі капиталға инвестициялар, инвестициялық саясат, экономикалық өсу, ЖІӨ, экономикалық саясат, ұлттық экономика, мемлекеттік инвестициялар.Аңдатпа
Қазіргі жағдайда негізгі капиталға инвестициялар экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Пандемия кезінде инвестициялардың өсуіне дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберіндегі мемлекеттік қаржы негізгі түрткі берді. Ковидтан кейінгі қалпына келу жағдайында әлемдік өндірістің жаңа жаһандық үрдістеріне бейімделу және ұзақ мерзімді тұрақты және сапалы экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстанға жоғары қосылған құнмен, өнеркәсіптік өндірістің өсуіне бағытталған жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді, көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологияларды пайдалану маңызды. Мақалада негізгі капиталға инвестициялар көрсеткіштері мен экономикалық өсудің сапалы параметрлері арасындағы өзара байланыстар айқындалған. Инвестициялардың еңбек өнімділігіне және Қазақстанның әлемдік экономикалық күрделілік кеңістігіндегі орнына ықпалы талданған. Негізгі капиталға мемлекеттік және квазимемлекеттік инвестициялар елдің экономикалық өсуіне қосқан үлесі көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар мен ұсынымдар жасалған.