Экотуризмнің мәні және оның Қазақстандағы даму мәселелері
Қаралымдар: 232 / PDF жүктеулері: 1363
Кілт сөздер:
туризм, туризмнің баламалы түрлері, экотуризм, қоршаған орта, экология, табиғатты сақтау.Аңдатпа
Мақала экотуризмнің мәнін зерттеуге және қазіргі жағдайда экотуризм дамуының эко-
номикалық, әлеуметтік және экологиялық салдарларын талдауға арналған. Зерттеу әдістемесі таным-
ның талдау, синтез және жалпылау сияқты жалпы ғылыми әдістерін қолдануға негізделген. Зерттеудің
ақпараттық базасын шетелдік рецензияланатын журналдарда жарияланған экотуризм тақырыбына
арналған ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен статистикалық органдардың
деректері құрады. Мақалада экотуризм дамуының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салда-
ры талданып, экотуризмнің келеңсіз әсерін азайтуға және экономикалық тиімділікті арттыруға бағыт-
талған шаралар көрсетілген. Қазақстандағы экотуризмді дамыту проблемалары айқындалып, оларды
жою бойынша ұсыныстар берілген, оларды жүзеге асыру Қазақстанның экотуризмді дамытудағы әле-
уетін арттыруға көмектесуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері тиісті пән бойынша дәріс материалдарын дай-
ындауда пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар тереңірек зерттеулер жүргізуде бастапқы нүкте ретінде
қолданыла алады.