Өндірісті әртараптандыру негізінде мұнай-газ компаниясын инвестициялаудың экономикалық орындылығын негіздеу және даму стратегиясын таңдау


Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 45

Авторлар

  • У.Ж. Шалболова
  • А.А. Разакова
  • М.Е. Есепанова

Кілт сөздер:

экономикалық негіздеме, инвестициялар, мұнай-газ компаниясы, өндірісті әр- тараптандыру, таңдау, даму стратегиясы, тиімділік.

Аңдатпа

Кез-келген бизнесті басқару стратегияны жасауға, оны компанияның ерекшелік-
теріне және оны іске асыруға бейімдеуге негізделген. Стратегияны әзірлеу үдерісі дамудың және
қызметтің барлық мүмкін бағыттарын мұқият зерделеуге негізделген және жалпы бағытты, дамыған
нарықтарды, қызмет көрсетілетін қажеттіліктерді, бәсекелестік әдістерін, тартылған ресурстар мен
бизнес үлгілерді таңдаудан тұрады. Бұл мақалада өндірісті әртараптандыру негізінде мұнай-газ
компаниясын инвестициялаудың экономикалық орындылығына негіздеме беру және компанияның
даму стратегиясын таңдау мақсаты берілген. Зерттеу объектісі мұнай-газ компаниясының инвести-
циялық портфелі талданады, оның барысында негізгі мақсаттарға жету үшін белгілі бір страте-
гиялық қадамдар жасалады - бұл өндіріс көлемін сақтау және мұнай тасымалдау тәсілдерін әр-
тараптандыру. Авторлар мұнай-газ компаниясын дамытудың стратегиялық маңызды бағыттарын
ұсынды. Белсенді маркетингтік және зерттеу қызметін қажет ететін негізгі стратегиялық мәселе
анықталды, оның аясында келесі факторлар қамтамасыз етілуі керек: мұнай-газ саласында белсенді
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу; мұнайдан түсетін табысты көбейтуге арналған маркетингтік
қадамдар. Компанияның даму стратегиясын әзірлеу бірқатар іс-шараларды қамтиды, мысалы, ком-
панияның ұзақ мерзімді даму стратегиясын қалыптастыру; компанияның инвестициялық саясатын
қалыптастыру, компанияның өндірістік қызметін жетілдіру, перспективалық инвестициялық жо-
баларға компания қаражатын тарту бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру үшін ұсыныстар
әзірлеу. Белгілі бір нұсқаға сәйкес инвестициялаудың орындылығына талдау жасалып, өндірістік
қуаттарды пайдалану тиімділігінің есебі келтірілген. Қолданылған әдістер: сараптамалық бағалау,
салыстыру және аналогия; зерттеу құжаттары мен материалдарын талдау.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-23

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шалболова U., Разакова A. ., & Есепанова M. (2023). Өндірісті әртараптандыру негізінде мұнай-газ компаниясын инвестициялаудың экономикалық орындылығын негіздеу және даму стратегиясын таңдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 62–73. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/239

Журналдың саны

Бөлім

Статьи