COVID-19 пандемиясы кезеңінде шағын және орта агробизнес субъектілерін мемлекеттік қаржылық қолдау шаралары
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 74
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы; мемлекет; қолдау шаралары; пандемия; шағын және орта бизнес; мемлекеттік бағдарламаларының.Аңдатпа
Мақала COVID-19 пандемиясы кезеңінде агробизнес субъектілерін мемлекеттік
қаржылық қолдау шараларын зерттеуге арналған. Жұмыста 2019 және 2020 жылдарда ауыл шаруашылығындағы өнімнің (көрсетілетін қызметтердің) жалпы шығарылымы серпінінің көрсеткіштеріне
салыстырмалы талдау, сондай-ақ агробизнес субъектілерінің сандық құрамының серпіні жүргізілді.
Сондай-ақ, жұмыста жеңілдікті кредит беру, инвестициялық субсидиялау, кредиттер бойынша кепілдік
беру, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралдарын пайдалана
отырып, ауыл шаруашылығында шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша деректер ұсынылған. Талдау нәтижелері авторларға пандемия кезінде мемлекеттік қаржыландыру бизнесті қолдауға
айтарлықтай әсер етті және қарастырылған көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етті деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді.