COVID-19 пандемиясының Қазақстанның жылжымайтын мүлік саласына әсері
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 78
Кілт сөздер:
құрылыс, тұрғын жылжымайтын мүлік, қайталама тұрғын үй, қолжетімді тұрғын үй, тұрғын үй құрылысы, инвестициялар.Аңдатпа
COVID-19 пандемиясы және онымен күресу шаралары экономикалық қызметтің барлық салаларында өз ізін қалдырды. Әрине, карантин кезінде жұмысы тоқтатылған және шетелдік жұмыс
күшіне ерекше тәуелді қызмет түрлеріне теріс әсер етті. Мұндай салаларға ең алдымен құрылыс саласы
жатады. Осы салаға әсер етуі мен оның жоғалуының теріс дәрежесін бағалау-бүгінгі күннің өзекті міндеті,
оны шешу осы мақаланың мақсатына айналды.Өз кезегінде зерттеу тақырыбы коронавирустық пандемияны енгізуге байланысты шектеу шараларын енгізу процесінде дамып келе жатқан жылжымайтын
мүлік нарығының барлық субъектілері арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады.Авторлар жылжымайтын мүлік нарығындағы негізгі теориялық аспектілерді қарастырады, тұрғын
үй нарығындағы өзгерістерді талдайды. Мақалада тұрғын үй құрылысының деңгейі және оның негізгі көрсеткіштерінің динамикасы талданып, соңғы жылдары енгізілген тұрғын үй құрылысының көлемі
көрсетілген.Сондай-ақ, жылжымайтын мүлік құрылысының деңгейі және олардың бағасының динамикасы, тұрғын үйді сатып алу, сату бойынша мәмілелер саны бағаланады, жылжымайтын мүлік нарығына
әсер ету факторлары анықталды: халықтың өсу қарқыны, жұмысшылардың орташа айлық номиналды
жалақысы, тұрғын үй құрылысына инвестициялар.