Туристік провайдердің жарнамасындағы нейромаркетингтік зерттеулер
Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 351
Кілт сөздер:
нейромаркетингтік зерттеулер, жарнама, туристік қызметтерді жеткізуші, танымдық факторлар.Аңдатпа
Туристік қызметтерді жеткізуші - қазақстандық авиакомпанияның жарнамалық ролигіне нейромаркетингтік зерттеу жүргізілді. Нейромаркетингтік зерттеулер психология мен маркетингтің
симбиозы болып табылатын инновациялық бағыттардың бірі. Бұл мақаланың мақсаты – фейсридинг
технологиясы көмегімен жарнаманы нейромаркетингтік зерттеу негізінде тұтынушылардың эмоцияларына әсер ететін негізгі факторларды анықтау. Теориялық талдау нәтижелері эмоционалды хабарламаға
әсер ететін факторларды үш топқа бөлуге болатындығын көрсетті: танымдық, эмоционалды және мінез-құлық. Мақала аясында адамның эмоцияларына бағытталған нейромаркетингтік зерттеулер жүргізілді. Туристік қызметтерді жеткізушінің жарнамалық ролигін нейромаркетингтік зерттеу нәтижелері
бойынша, бейненің басында эмоционалды қатысу минималды және шектеулі екендігі анықталды. Жарнаманың хронометражы эмоциялардың алуан түрлілігі табиғат пен адамды көрсетумен байланысты
екенін көрсетті. Табиғатта адам жасаған әрекеттер оң түске ие және жағымды эмоцияларды арттырады.
Бұл әдіс қандай кадрлардың жоғары эмоционалды толқуды тудыратынын түсінуді ғана емес, сонымен
қатар ұсынылған әуе қызметімен ассоциативті қатарды қалыптастыру үшін жарнаманы қарау кезінде
эмоционалды қабылдауды арттыру мүмкіндігін де анықтайды.