Қазақстанның туризм индустриясында қызметкерлерді іздеу және іріктеу жүйесіндегі заманауи тәсіл
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 253
Кілт сөздер:
Басқару, адам ресурстары, туризм, туризм индустриясы, адам ресурстарын басқару жүйесі.Аңдатпа
Қазіргі уақытта халықаралық туризм өз тарихында ең қиын кезеңді басынан өткеруде,
сапалы туристік қызметтерді ұсынудың негізі ретінде адами капиталды басқару жүйесіне мамандарды
даярлау, олардың біліктілігі, ізденісі, қызметкерлерді іріктеу процестерін оңтайландырумен байланысты мәселелер бірінші орынға шығады. Бұл мақалада авторлар құрылымдық ішкі жүйелерді анықтай
отырып және осы саладағы заманауи зерттеулерде нақты бағыттарды қалыптастыра отырып, адами ресурстарды басқару жүйесін талдайды, сондайақ туризм индустриясындағы қызметкерлерді басқаруды
дамытудың нақты бағыттарын анықтайды. Зерттеу барысында авторлар қазіргі ресурстар мен тенднециялар жағдайында туристік индустрияға тән қызметкерлерді іздеу және іріктеу әдістерін зерттеді және
жүйеледі. Туризм индустриясы мамандары арасында жүргізілген сауалнама негізінде алынған деректер
нәтижесінде туризм және білім беру саласындағы кәсіби қызмет процесінде қызметкерлерді іздеу және
іріктеу жүйесін дамытудағы басым бағыттар айқындалды, авторлар кешенді, сапалы және жүйелі тәсілді ұсынатын қызметкерлерді іздеу және іріктеудің заманауи моделін даярлады. Бұл модель білім беру
беру, біліктілік, жұмыс тәжі рибесі және т.б. сияқты маңызды элементтерді ескере отырып, қызметкерді
іздеу мен іріктеудің кешенді тәсілін оңтайландыру бойынша адами ресурстарды басқару құрылымында
одан әрі зерттеулер мен әзірлемелердің бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді, бұл қызметкерлердің
сапасын арттыруға және туризм индустриясының кәсіпорындары үшін қызметкерлерді іздеу процесін
жеңілдетуге мүмкіндік береді.