Қазақстандағы жастар саясатын жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі
Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 179
Кілт сөздер:
мемлекеттік саясат, жастар, жастар саясаты, тиімділік, нәтиже көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың тиімділігі, жастардың өмір сапасы мен деңгейі.Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік басқару шеңберінде қабылданатын мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау мен бағалау жүргізудің теориялық аспектілері зерттелген. Жастар саясатының мәні, жастармен белсенді жұмыс жасау, олардың өзін-өзі дамыту мен әлеуметтенуге деген ұмтылысын сақтау, өмірдің лайықты деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету маңыздылығы сипатталады.
Қазақстандағы қазіргі заманғы жастар саясатының ерекшеліктері мен құрылымы, оның мақсаттары
мен міндеттері, іске асыру деңгейлері, сондай-ақ негізгі бағдарламалар мен жастармен жұмыс бағыттарының ерекшеліктері көрсетілген. Жастар саясаты бағдарламаларын басқару тиімділігін бағалаудың
түрлі индикаторлары мен әдістерін қолдану тұрғысынан шетелдік және отандық зерттеу тәжірибесі
талданды. Зерттеу барысында Қазақстанның мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау кезінде
қолданылатын жастар саясаты тиімділігінің индикаторлары анықталды.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша автор Қазақстандағы жастар саясатының қазіргі даму
жағдайының ерекшеліктерін атап өтті. Автор жастар саясатын жүзеге асырудың экономикалық тиімділік
көрсеткіштерін бөлуге қатысты қолданыстағы тәсілдерге талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері
бойынша Қазақстанның жастар саясатын талдау үшін неғұрлым қолайлы тәсілдерге іріктеу және түйінді
бағдарламалар бойынша Қазақстанда жастар саясатын іске асыру нәтижелілігін экономикалық бағалау
үшін осы тәсілдерді пайдалану жүргізілді.