Қазақстанның тұрақты даму инновацияларының әлеуметтік-экономикалық аспектілері
Қаралымдар: 78 / PDF жүктеулері: 114
Кілт сөздер:
тұрақты даму инновациялары; әлеуметтік аспектілер; экономикалық аспектілер; тұрақты даму мақсаттары; тұрақты дамуға бағдарланған инновациялар; тұрақты даму инновациялары индексі.Аңдатпа
Өнеркәсіптік капитализмнің өсуі кедейліктен арылуға, адам өмірін ұзартуға және
әлемдік қауымдастыққа бірігуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда, біздің қоғам аталған жетістікке байланысты туындайтын экологиялық қауіпсіздік пен әлеуметтік әділеттілік бойынша экзистенциалды
сұрақтарға тап болуда. Тұрақтылық мәселесі – шектеулі ресурсты планетада «адамзат үшін қауіпсіз
және әділ жұмыс кеңістігін» құру – бұл 21 ғасырдың басты мәселесі. Мақалада тұрақты даму инновацияларының теориялық және әдіснамалық ережелері зерттеледі. Мақаланың мақсаты тұрақты даму инновацияларының әлеуметтік-экономикалық аспектілері негізінде Қазақстан Республикасында тұрақты
даму мақсаттарына қол жеткізудің ағымдағы деңгейін талдау болып табылады. Тұрақты даму инновацияларының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау үшін зерттеу
шеңберінде корреляциялық-регрессиялық талдау жүргізілді. Зерттеу негізінде авторлар тұрақты даму
инновацияларын дамытуды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар келтіреді.