Әлеуметтік зерттеулер үшін объектілерді іріктеу әдістемесі


Қаралымдар: 54 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • Т.А. Құсайынов

Кілт сөздер:

әлеуметтік зерттеулер; әлеуметтік-экономикалық жүйелер; ауылдық аудан; модель; көп өлшемді таңдау; ресурстар; табыс.

Аңдатпа

Солтүстік Қазақстан жағдайларында ауылдық аумақтарды әлеуметтік-экономикалық
зерттеу олардың табиғи-экономикалық әркелкілігіне және халықтың аумақтық бытыраңқылығымен
байланысты айтарлықтай үлкен ресурстарды тартуды талап етеді. Зерттеу жүргізу үшін ресурстардың
шектеулі болуы зерттеу объектілерін таңдау мәселесін тудырады. Сонымен қатар, таңдау үрдісі әртүлі
және үйлесімді емес критерийлердің барлығын ескеру қажеттілігімен қиындайды. Мақалада тоқырауға
бейім ауылдық аумақтарды көп өлшемді таңдау мәселесі қарастырылады. Ауылдық өңірлерде барабар
тиімді әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру үшін бірінші кезекте тоқырауға ұшырау мен кедейлік белгілерінің неғұрлым өткір көрінетін орнын айқындау талап етіледі.
Солтүстік Қазақстанның ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігі болып табылады. Сондықтан критерийлер ретінде ауыл халқының саны, 16-29 жас аралығындағы
жастардың үлесі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі алынды. Есептеулер 2014-2020 жылдар
аралығындағы кезеңде Ақмола облысының ауылдық аудандарының әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары бойынша ресми деректерге негізделді. Критерийлер мәндерінің тиісті «эталондық» мәндерге
дейінгі нормаланған қашықтықтарын есептеуге негізделген белгілі әдістер, сондай-ақ аналитикалық иерархиялық процесс деп аталатын әдіс сыни талдаудан өтті. Зерттеу үшін әлеуметтік жүйелерді іріктеуге
көрсетілген әдістердің симбиозы болып табылатын есептеу схемасы ұсынылған. Автор әзірленген әдістер мен процедуралардың тізбегі таңдау проблемасының объективті де, субъективті де компоненттерін
тиімді ескеруге және сол арқылы әлеуметтік зерттеулерге арналған пилоттық объектілерді таңдаудың
ғылыми негізділігін арттыруға мүмкіндік береді деп тұжырымдайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-24

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құсайынов, Т. . (2023). Әлеуметтік зерттеулер үшін объектілерді іріктеу әдістемесі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 35–48. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/258

Журналдың саны

Бөлім

Статьи