Дестинациялардағы экологиялық туризм менеджментінің ең үздік үлгілері: Әдебиетке интегративті шолу


Қаралымдар: 137 / PDF жүктеулері: 254

Авторлар

  • Ж.М. Асипова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Б.М. Пазылхайыр Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Д.Д. Қаратаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-258-271

Кілт сөздер:

қоршаған ортаны басқару, тұрақты даму, экологиялық нормалар, экотуризм, жергілікті халық

Аңдатпа

Мақалада туристік бағыттардағы туризмді экологиялық басқару саласындағы ең үздік үлгілеріндегі зерттеулер мен әзірлемелер және туындаған маңызды мәселелер қарастырылған. Бұл жұмыс туризм, тұрақты даму саясаты және жергілікті халықты шешім қабылдау процестеріне тарту туралы әдебиеттерге жан-жақты шолу жасауға негізделген. Сонымен қатар, 50 зерттеудің негізгі тақырыптары жіктеліп, зерттеу аясы әдебиеттегі олқылықтар негізінде жасалды.

Алдыңғы зерттеулер жергілікті халықтың қоршаған ортаны басқаруға әсері, жеке құндылықтар және экологиялық проблемалар туралы білім сияқты тұрақты даму тәжірибесін енгізудің әртүрлі себептерін қарастырды. Мақаланың нәтижелері туризмді экологиялық басқару бойынша үздік кейс-стади шолу қоса алғанда, қоршаған ортаны басқару бойынша үздік үлгілеріне соның ішінде Аустралия, Малайзия, Эквадор, Оңтүстік Африка және т.б. мысалға шолу және әр түрлі елдерде болашақ зерттеулер үшін оларды пайдалану болып табылады. Зерттеудің өзіндік ерекшелігі 20 жылдық басылымдар үшін туризмдегі қоршаған ортаны басқаруға қысқаша шолу жасау. Осы зерттеудің нәтижелері осы салада басшылық бола алады және болашақ зерттеулерді дамытуға көмектеседі.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Асипова Z., Пазылхайыр B., & Қаратаев D. (2022). Дестинациялардағы экологиялық туризм менеджментінің ең үздік үлгілері: Әдебиетке интегративті шолу. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (4), 258–271. https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-258-271

Журналдың саны

Бөлім

Статьи