Қазақстанның төртінші өнеркәсіптік революцияға сәйкес даму бағыты
Қаралымдар: 126 / PDF жүктеулері: 136
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-99-111Кілт сөздер:
Индустрия 4.0, технологиялық даму, инновация, ҒЗТКЖ қызметі,технологиялық өнім, факторлар, технологиялық инфрақұрылымАңдатпа
Төртінші өнеркәсіптік революция туралы түсінік төртінші өнеркәсіптік революцияға сәйкес Қазақстандағы бағытты анықтауда маңызды. Дамыған 50 елдің тізіміне ену жолында Индустрия 4.0-ге арналған технологиялық инфрақұрылым тұрғысынан Қазақстанның дайындық деңгейін бағалау маңызды. Бұл мақалада «Индустрия төңкерісінің төртінші буынын құрайтын ақылды өндіріс деп аталатын Индустрия 4.0 процесінің әсерлері және осы процеске әсер ететін факторлар қамтылған. Сонымен қатар, осы зерттеуде Қазақстан экономикасы үшін Индустрия 4.0 саласы шеңберінде бағалауға болатын технологиялық өнімнің түрлері және құрылған экономикалық мәні зерттелген. Бұл тұрғыда ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім берудің технологиялық өзгерістер мен трансформацияға әсері ең басты бағыт ретінде қарастыла зерттелді. Осылайша, Қазақстанның Индустрия 4.0 кезеңінің даму үдерісі туралы қорытынды жасауға болады.
Еліміздің экономикасын түбегейлі өзгерту үшін, бәсекеге қабілетті өндірістерді құру көзделеді және технлогиялар мен ғылымды өндіріске енгізіле отырып бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізуге болады.