Кобб - Дугластың өндірістік функциясы: Солтүстік Қазақстан облысында тәжірибені қолдану
Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 497
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2022-4-74-86Кілт сөздер:
аймақ, аймақтық алынған өнім өндірістік функция, Кобб –Дуглас, аймақтық болжамдау, экометриялық модель.Аңдатпа
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында аймақ аралық баланс теңсңсіздіктің біршама айтарлықтай жағдайларының болуы, әсіресе болжамдау арқылы, қабылданған мемлекеттік шешімдердің тиімділігін көтеруге әсер етеді. Бұл шешімдердің сапасы қазіргі заманғы эконометриялық моделдеу мен ақпаратты технологияларды қолдану арқылы ғана болады. Шыққанына аз уақыт болса да, Кобб – Дугластың өндірістік функциясы аймақтың немесе ондағы өндірістік сектордың экономикалық дамуын көрсетудің мүмкіншіліктерін шын мәнісінде көрсететінін көптеген ғалымдар мойындайды. Зерттеу аясында автор Солтүстік Қазақстан облысы мен оның өндірістік секторының дамуын сипаттау үшін Кобб – Дугластың өндірістік функциясымен статистикалық параметрлерді қолданып, адекватты өндірісті құрастыру мұмкіндігі туралы мәселені қарастырған. Эмперикалық жолмен екі гипотеза да іске аспады. Егер бірінші жағдайда алынған коэфиценттер біздің ойымызды қанағаттандырмады, кері сипатта болды , екіншісінде – зерттеудің мақсатын қанағаттандырмайтын, ең аз квадраттар тәсілін қолданумен модель параметрі анықталды. Моделді таңдау кездейсоқ емес. Оны табысты қолдану, талдап жасау жергілікті үкімет органдары үшін болжамдау мен талдау жасауға қажетті ыңғайлы құрал болатыны сөзсіз. Дегенмен зерттеу барысында алынған мәліметтерден, аймақтарда экономикалық даму мен аймақтардың өндірістік кещендерін дамытудың барысында басқа да эконометриялық әдістер мен моделдерді, өндірістік функцияларды қарастыру мәліметтері айтылған.