Қазақстан банктерінің экономиканың нақты секторын несиелендіруі
Қаралымдар: 134 / PDF жүктеулері: 107
Кілт сөздер:
банктер, экономика, кредиттер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, нақты сектор, кредиттік портфель.Аңдатпа
«Қазақстан банктерінің экономиканың нақты секторын кредиттеу» тақырыбындағы
мақала Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін зерттеу және олардың экономиканың
негізгі секторларының кәсіпорындарын кредиттік және қаржылық қолдау мәселелеріне арналған.
Мақала жазу барысында авторлар Қазақстан экономикасының нақты секторын несиелендіру-
дегі коммерциялық банктердің рөлін анықтау үшін ғылыми зерттеудің мақсатын қойған.
Жүргізілген талдаудың көрнекілігі мен объективтілігі үшін зерттелетін кезең ретінде сегіз
және он екі жыл алынды. Зерттеу барысында сандық материалдар мен Қазақстан Ұлттық Банкінің,
екінші деңгейдегі банктердің деректері қолданылды, сондай-ақ объективті қорытынды жасауға
мүмкіндік беретін талдаудың түрлі әдістері қолданылды. Талдау, синтез, жинақтау және жүйелі
тәсілді салыстыру сияқты зерттеудің әртүрлі әдістерін пайдалану экономиканың түрлі секторлары-
ның да, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің да кредит беру көлемінің құлдырау және ұлғаю кезең-
дерін анықтауға мүмкіндік берді. Жүргізілген зерттеу негізінде қорытынды жасалды