«Жібек жолы экономикалық белдеуі» және дамудың ұлттық стратегиялары
Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 55
Кілт сөздер:
Жібек жолының экономикалық белдеуі, сауда-экономикалық ынтымақтастық, дамудың ұлттық стратегияларыАңдатпа
Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы жаһандық
ауқымдағы, соның ішінде әлемдік шаруашылықтың дәстүрлі орталықтарының арасындағы бәсе-
келестіктің дамуымен сипатталады. Әлемдік аренада Азияның алдыңғы позицияға шығуына бай-
ланысты «Жібек жолы экономикалық белдеуін» (ЖЖЭБ) қалыптастыру және дамыту бүгінде өте
өзекті болып отыр. Сонымен қатар әлемдік экономикада аймақтық өзара ықпалдастық үдерістерінің
күшеюі байқалады.
Осы тұрғыда Қытайдың аталмыш бағдарламасына аралық аудит жасау бұл бастаманың ұсы-
нылуының нақты себептері мен мақсаттарын, 2013 жылдан бері әлемде және аймақта жасалған
қадамдарды түсінуге негіз береді.
Берілген мақалада авторлар аймақтық, ұлттық және әлемдік деңгейдегі ынтымақтастықтың
қазіргі жағдайы мен даму келешегіне, Қазақстанның аталған деңгейлердегі ұстанған позициялары-
на, ЖЖЭБ-не қатысты ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, сондай-ақ «Жібек жолы экономикалық
белдеуінің» мәніне қатысты мәселелерге талдау жасаған. Берілген жұмыста Қазақстан мен Қытай-
дың экспорттық әлеуетінің бәсекеқабілеттілігіне бағалау және талдау жасалған, елдер арасындағы
сауда қатынастарының дамуы зерттелген.