Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің қайта индустрияландыруы жағдайында ғылыми сыйымды экономика дамуының негізгі үрдістері


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 107

Авторлар

  • А.А. Таубаев
  • Г.Н. Амирова
  • Е.И. Борисова

Кілт сөздер:

ғылыми сыйымды экономика, қайта индустриаландыру, инновациялық даму, Еуразиялық экономикалық одақ.

Аңдатпа

Бұл мақалада қайтаиндустрияландыру саясатын жүргізуді есепке ала отырып, Еу-
разиялық экономикалық одақ елдеріндегі экономиканың ғылымисыйымды секторын дамытудың
шарттары мен алғышарттары қарастырылған. Қайтаиндустрияландыру отандық өнеркәсіпті жаңа
технологиялық платформада қалпына келтіру, сондай-ақ бұрын шетелге шығарылған өнеркәсіптік
кәсіпорындарды ұлттық шекараларға, бірақ қазіргі заманғы технологиялық талаптарды ескере
отырып қайтару ретінде айқындалған. Бұл ретте Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қазіргі
даму кезеңі мемлекеттер тек қана қайтаиндустрияландыруды жүргізуге емес, экономиканың ин-
дустрияландырумен іс жүзінде нөлден айналысуға мәжбүр екенін көрсетеді, өйткені белгілі саяси
себептерге байланысты өнеркәсіп толығымен қираған. Қайтаиндустриаландыру саясатын жүргізу
шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының ғылымисыйымды секторының
дайындық деңгейі анықталды. Қазақстанның ғылымисыйымды секторының даму деңгейін және
Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа елдермен салыстырғанда инновациялық даму
параметрлерін салыстыру көрсеткіштердің салыстырмалы төмен деңгейде екенін куәландырады.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қайтаиндустрияландырудың интеграцияланған сая-
сатын ағымдағы қолдану қатысушы елдердің ғылыми әлеуетін арттырудың елеулі нәтижелеріне
әкелмегені анықталды. Жекелеген бағыттар бойынша керісінше нашарлау үрдісі байқалады, бұл
Еуразиялық экономикалық комиссия шеңберінде қайтаиндустрияландырудың интеграцияланған
саясатын дамыту бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі және тиімді іс-шаралар әзірлеуді талап етеді

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Таубаев A., Амирова G. ., & Борисова E. (2023). Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінің қайта индустрияландыруы жағдайында ғылыми сыйымды экономика дамуының негізгі үрдістері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 55–63. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/320

Журналдың саны

Бөлім

Статьи