Ұлттық шоттар жүйесіндегі жиынтық ұлттық өнім мен жиынтық ішкі өнімнің экономикалық табиғаты


Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 44

Авторлар

  • C. Рейдолда

Кілт сөздер:

ұлттық шоттар жүйесі, жиынтық ішкі өнім, жиынтық ұлттық өнім, мемлекеттік шығындар, ұлттық шоттар, экономика секторлары, мемлекеттік қарыз, инвестиция, қоғамдық табыстар.

Аңдатпа

Бұл мақалада мемлекеттік басқару органдарына жұмсалатын бюджет шығындарын
анықтаудың теориялық-әдістемелік негізі қарастырылған. Мемлекеттік шығындардың есебі ұлттық
шоттар жүйесі мен оның негізгі көрсеткіштері – жиынтық ұлттық өнім және жиынтық ішкі өнімі
арқылы айқындалады. ЖҰӨ мен ЖІӨ экономикалық мәнін және ерекшеліктері ашылып көрсетіл-
ген. Экономикалық мазмұны бойынша бұл көрсеткіштер өзара өте жақын және оларды ЖҰӨ/ЖІӨ
деп жалпы қабылданған бойынша белгілеуге болады. Алайда әлемдегі дамыған елдерде ЖІӨ-нен
ЖҰӨ-нің құндық сипаты шамамен 1-2 пайызға артық, ЖҰӨ тек ұлттық экономикада өндірілген
барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құнын ғана есепке алмайды, сонымен қатар
трансұлттық компаниялардың шетелдегі бөлімшелерінде белгілі бір уақыт аралығындағы өндіріл-
ген өнімді де есепке алады. Қазақстан экономикасындағы бұл көрсеткіштер дәлме-дәл келеді, өйт-
кені ұлттық өнімнің көлемін өсіретін трансұлттық компаниялар жоқ. ҰШЖ экономикалық жағдай-
дың жинақтаушы көрсеткіші болып табылатын жиынтық ұлттық өнім көрсеткішін анықтауға ғана
емес, экономикалық статистиканың әр түрлі амалдарын бірлесе қолдануға және бағыттауға мүмкін-
дік беретін концептуалдық негізді қамтамасыз етуде іс жүзіндегі мәні зор болып табылады.
Қазақстан үшін негізгі мәселе ЖІӨ мемлекеттік шығынның үлесін ұлғайту емес, осы шығын-
дардың құрылымын, сапасын, тиімділігін және реттелуін жетілдіру қажет екендігі атап көрсетілген.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рейдолда C. . (2023). Ұлттық шоттар жүйесіндегі жиынтық ұлттық өнім мен жиынтық ішкі өнімнің экономикалық табиғаты. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (3), 96–104. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/325

Журналдың саны

Бөлім

Статьи