Өңірлік экономикаларды кластерлендіру жүйесінің әлеуетін бағалау


Қаралымдар: 66 / PDF жүктеулері: 82

Авторлар

  • Н.С. Досмағанбетов
  • Т. Ш. Абдыров

Кілт сөздер:

кластерлер, өңірлік экономикаларды кластерлендіру, бәсекеге қабілеттілік, кластерлендіру әлеуеті, жалпы өңірлік өнім, өңдеу өнеркәсібі, оқшаулау коэффициенті

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан өңірлерінің экономикасын дамытуда кластерлеу жүйесінің
әлеуетін анықтау және бағалау мәселесі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты болып өңірлік эконо-
микалардың дамуын қамтамасыз ету үшін кластерлеу жүйесін енгізудің экономикалық тиімділік
көрсеткіштерін бағалау және оны пайдалану тиімділігін негіздеу болып табылады.
Зерттеу барысы жүйелік, экономикалық-статистикалық және есептік-конструктивтік әдістер-
ге, сондай-ақ зерттеудің, қорытудың және талдаудың теориялық әдістеріне сүйенеді. Зерттеудің не-
гізі болып Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің дерек-
тері, экономиканы кластерлеу мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми
еңбектері табылады.
Зерттеу нәтижелері Қазақстан өңірлерінің экономикасын кластерлеу жүйесін енгізудің маңы-
здылығы туралы тұжырымдамаларды дәлелдеуге мүмкіндік беретін экономикалық тиімділік көр-
сеткіштерін бағалаудан көрінеді.
Авторлар зерттеу нәтижелері өңірлік отандық экономикаларды кластерлендіру мәселелерін
қарастыру кезінде ғылыми қызметте пайдаланылуы мүмкін деп санайды.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-25

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Досмағанбетов, Н., & Абдыров, Т. Ш. . (2023). Өңірлік экономикаларды кластерлендіру жүйесінің әлеуетін бағалау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 8–15. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/334

Журналдың саны

Бөлім

Статьи