Республиканың мемлекеттік борышын қазіргі жағдайда басқару
Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 210
Кілт сөздер:
сыртқы борыш, басқару тиімділігі, борыш аудиті, бағалау нәтижелері, мемлекеттік борыш.Аңдатпа
Мақала қазіргі мемлекеттің макроэкономикалық жүйесіндегі мемлекеттік қарызды
басқарудың тиімділігі мәселелеріне арналған. Қазіргі уақытта мемлекеттік қарызды басқару тиімділігінбағалау мәселесі кеңінен талқылануда. Борыштық міндеттемелердің үлкен көлемі және оларды ұтымсыз басқару экономикалық тұрақсыздыққа және мемлекеттің қаржылық дербестігінің жоғалуына әкелуі
мүмкін. Сондықтан мемлекеттік борышты тиімді басқару халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Зерттеудің маңыздылығы әлемдік пандемия салдарының аясында мемлекет экономикасындағы дағдарыс құбылыстарымен өзектендіріледі, бұл мемлекеттік қарыздың ұлғаюына және нәтижесінде қарыз
мөлшерінің өзгеруіне мемлекеттік аудитті сапалы жүргізу қажеттілігіне әкелді. Жұмыста қазақстандық
және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми ойларын зерделеу негізінде еліміздің бүгінгі экономикалық жағдайының шынайылығында Қазақстанның мемлекеттік борышын басқаруға талдау жүргізілді,
мемлекеттік борыш аудитін жүзеге асыру кезінде қажетті ұстанымдар атап өтілді.