Қазақстанның инновациялық және инвестициялық әлеуеті
Қаралымдар: 73 / PDF жүктеулері: 270
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-2-91-100Кілт сөздер:
өңірлердің ресурстық әлеуеті, инновациялық әлеует, инвестициялық әлеует, бәсекеге қабілеттілік, тұрақты даму, биоэкономика.Аңдатпа
Ресурстық әлеует ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарына тікелей әсер
етеді. Биоэкономиканың дамуын реттейтін стратегиялық бағдарламалық құжатты әзірлеу кезінде инновациялық әлеуеттің шамасына ерекше мән беріледі. Мақалада Қазақстанның бәсекеге қабілеттіліктің
жаһандық рейтингісіндегі позициялары инновациялық әлеуетті сипаттайтын индикаторлар бойынша
талданады, кәсіпорындардың инновациялық қызметін, оның ішінде өңірлер бөлінісінде бағалау үшін
отандық практикада қолданылатын көрсеткіштер келтіріледі. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын зерттеу мақсатында тікелей шетелдік инвестициялар, негізгі капитал инвестициялары, сондай-ақ өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелерін қорытындылайтын көрсеткіш ретінде жалпы өңірлік өнім бойынша деректер келтірілген.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері тікелей шетелдік инвестициялар мен негізгі капиталға инвестициялардың нөлдік өсуімен қатар жүретін 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігінің төмендеуі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік берді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.