Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалаудың көрсеткіштері мен шарттары
Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 131
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-2-101-111Кілт сөздер:
қызмет; мемлекеттік қызмет; мемлекеттік қызметтердің сапасы; мемлекеттік қызмет көрсетуді бағалау; мемлекеттік қызмет сапасын бағалау критерийлері; қолжетімділік; стандарт; регламент.Аңдатпа
Мақалада мемлекеттік қызметтердің мәні қарастырылды. Басылымда мемлекеттік қызметтерді ұсыну, олардың сапасын жоғарылату мен азаматтар үшін қолжетімділік мәселелері зерттелді.
Мемлекеттік органдардың сапа талабына сай келетін, уақытында жасалынатын және бірінші кезекте азаматтардың қанағаттануына бағдарланған қызметтерді ұсыну мәселесіне назар аударылды. Қазіргі уақытта қызмет көрсету кезінде пайдаланушылардың мемлекеттік қызметке көңілдері толу деңгейін анықтау
үшін азаматтарға бағдарланған тәсілді пайдалану – зерттеу саласының ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Сондықтан азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету деңгейіне қанағаттану мәселесі
талданды.
Мақалада заңнамалық құжаттар мен мекемелер жағынан регламенттелген, қызмет көрсетуді ұсыну
тұрғысынан мемлекеттік мекемелер қызметінің алгоритмі сипатталды. Мемлекеттік қызметтің сапасын
мемлекеттік мекеменің қызметі жағынан да, мемлекеттік қызметкер жағынан да бағалауға болатын негізгі тұжырым көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының өсуіне кедергі келтіретін мәселелер
анықталған және қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары сипатталды.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.