Исламдық қаржыландыру: қалыптасу ерекшеліктері мен шағын және орта кәсіпкерліктерді қаржыландыру мүмкіндіктері


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 46

Авторлар

  • М.Ж. Арзаевa
  • А.Е. Барбосын
  • Г.И. Супугалиева

Кілт сөздер:

исламдық банкинг, ШОБ, шетелдік тәжірибе

Аңдатпа

Мақалада шағын және орта бизнестің дамуының ағымдағы жағдайы, келешегін
қарастыру қажеттілігі талданған. Зерттеудің мақсаты – елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ететін экономиканың ең маңызды сегменттерінің бірі ретіндегі шағын
және орта бизнесті жан-жақты, нанымды зерттеу, сондай-ақ, нәтижелер мен қорытындыларды алу
мен тәжірибеге енгізу. Ғылыми зерттеудің бағытын таңдау шағын және орта бизнестің инноваци-
яға-бағытталған экономикаға өтудегі басты рөлімен байланысты. Зерттеудегі исламдық қаржылан-
дыруды бөліктері бойынша (анализ), сондай-ақ бүтіндей (синтез) зерделеуге мүмкіндік берген ана-
лиз, синтез, қадағалау мен нақты ақпаратты жинау әдістері қолданылды.
Мұсылман мемлекеттерінде қаржыландыру көздері ретінде - шағын және орта бизнес сек-
торының негізгі мәселелері қарастырылады. Шағын және орта кәсіпкерліктер қаржыландырудың
мүмкін дәстүрлі варианттарын мүлдем қолданысқа енгізбейді немесе шектелген қаржыландыру-
дың түрін таңдайды, соңғысында діни тұжырымдамалар мен сезімдер басымдылық етеді. Жоғары-
да аталған ШОБ-ға әсер ететін факторлардың барлығын зерттеу осы мақаланың негізі болды.
Жұмыста келтірілген қорытындылар тәжірибелік мағынаға ие, ал жасалған зерттеу шағын
және орта кәсіпкерліктерді қаржыландырудағы исламдық қаржыландырудың негізгі мүмкіндік-
терін айқындауға жол ашты.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Арзаевa M. ., Барбосын A. ., & Супугалиева G. (2023). Исламдық қаржыландыру: қалыптасу ерекшеліктері мен шағын және орта кәсіпкерліктерді қаржыландыру мүмкіндіктері. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (1), 108–120. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/364

Журналдың саны

Бөлім

Статьи