Қаржылық дағдарыстың динамикасын сандық модельдер көмегімен зерттеу
Қаралымдар: 61 / PDF жүктеулері: 70
Кілт сөздер:
қаржы дағдарысы, MathCAD қолданбалы программалар пакеті, қаржы дағда- рысының математикалық, компьютерлік модельдері, қаржылық математикаАңдатпа
Зерттеудің өзектілігі: Экономикалық жүйенің тұрақты жұмыс жасау немесе қаржылық
дағдарысқа ұшырау механизмін ғылымаралық тұрғыдан (математика және компьютерлік ғылым)
зерттеу жұмыстың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Қаржы дағдарысының динамикасын сандық модельдер (математика-
лық және компьютерлік) көмегімен зерттеу, дағдарысты сипаттайтын параметрлердің өзгеру заң-
дылықтарын ғылымаралық тұрғыдан талдау.
Зерттеудің міндеттері: Қаржы математикасы ғылымы тұрғысынан қаржылық дағдарыстар-
ды зерттеу; қаржы дағдарысының динамикасын сипаттайтын математикалық және компьютерлік
модельдер жасау; халықтың қаржылық сауатының деңгейін көтеру.
Зерттеу әдістері: ғылымаралық әдістер, математикалық және компьютерлік модельдеу, ана-
лиз және синтез, нәтижелерді жалпылау.
Зерттеу нәтижелері: қаржылық дағдарыстардың пайда болу және асқыну заңдылықтары
қаржы математикасы тұрғысынан анықталды; қаржы дағдарысының негізгі параметрлері арасын-
дағы байланысты сипаттай алатын математикалық және компьютерлік модельдер жасалды.
Талқылау және қорытынды: Экономикалық субъектілердегі болған қаржылық дағдары-
стардың механизмдері қаржылық математика тұрғысынан талданды; қаржылық дағдарыстың не-
гізін құрайтын валюталық дүрбелеңнің динамикасын сипаттайтын сандық модельдер жасалды;
зерттеудегі ғылыми нәтижелерді қаржы орталықтарының және қаржылық қадағалау жүйелерінің
жұмыстарында пайдалануға болады.