Банк секторындағы қаржылық тұрақтылықтың экономикалық өсуге әсері
Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 72
Кілт сөздер:
банк секторындағы қаржылық тұрақтылық, интернет-банкинг, ЖІӨ көрсет- кіштері, ақша айналымы, төлемқабілеттілігі, несиелік қоржыны, салымдарАңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан экономикасының дамуы қаржы секторларымен тығыз
байланысты болғандықтан, банк секторындағы қаржылық тұрақтылықты айқындау болды. Сон-
дықтан, екінші деңгейлі банктер пайда табу мақсатында өз қызметтерін жүзеге асыра отырып, ел
экономикасындағы рөлін банк секторындағы қаржылық тұрақтылық арқылы дамытуда. Сол се-
бептен, Қазақстан Республикасының банк секторының жалпы 2013-2018 жылдар аралығындағы
ЖІӨ көлемін, активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, несиелік қоржының ЖІӨ-ге қатынасы және клиент
салымдарының ЖІӨ-ге қатынасына талдау жасай отырып, 2013-2017 жылдарға арналған 5 жетекші
екінші деңгейдегі банктерінің ЖІӨ-ін салыстырмалы талдау нәтижелері келтірілген. Бұдан банктің
жаңа өнімдерін ұсына отырып, сапалы қызмет көрсету. Сонымен қатар, экономиканы дамытудағы
банк секторының рөлі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды және электрондық қызметтерді
дамытудың жай-күйімен сипатталады