ЭЫДҰ елдері мен Қазақстандағы зерттеулер мен әзірлемелер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау


Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 105

Авторлар

  • Ә.Е. Абайділда

Кілт сөздер:

ЭЫДҰ, Қазақстан, инновациялар, технологиялар, ғылым, зерттеулер мен әзірлемелер, инновациялық университеттер

Аңдатпа

Бұл мақалада автор Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ)
мүше елдердің және Қазақстан Республикасының зерттеулер мен әзірлемелер көрсеткіштерін
қарастырады. Зерттеулер мен әзірлемелер инновацияның негізгі қозғаушысы болып табылады,
сондықтан оларға жұмсалған шығындар бүкіл әлемде ғылым мен техникаға бөлінетін ресурстардың
мониторингі үшін пайдаланылатын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Сондықтан зерттеу
шеңберінде келесі міндеттер қойылды: көрсетілген елдердің зерттеулер мен әзірлемелерді
қаржыландырудың салыстырмалы талдауын жүргізу және инновациялық даму тәжірибесін зерттеу
үшін жетекші елдерді анықтау; қазіргі кездегі осы салада ЭЫДҰ елдері мен Қазақстанға тән
бірқатар заңдылықтар мен ел алдында тұрған мәселелерді анықтау. Зерттеу жалпы, мемлекеттік,
жоғары білім мен бизнестің шығындар сияқты елдердің зерттеулер мен әзірлемелер және олардың
құрылымдарына арналған шығындарды статистикалық талдауға негізделген. Сонымен қатар, автор
Reuters нұсқасы бойынша 100 үздік инновациялық университеттердің рейтингі мен Жаһандық
инновациялық индексі деректерін пайдаланады. Алынған нәтижелер зерттеулер мен әзірлемелерді
қаржыландыруға үлкен назар аударатын елдер әлемдегі көшбасшы позицияда тұрғанын және
осы елдерде экономикалық өсуге ықпал ететін жаңа әзірлемелермен айналысатын және ғылыми-
техникалық прогрестің алдыңғы қатарында жұмыс істейтін әлемнің үздік инновациялық
университеттері қалыптасқанын көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абайділда A. . (2023). ЭЫДҰ елдері мен Қазақстандағы зерттеулер мен әзірлемелер көрсеткіштерін салыстырмалы талдау. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы, (2), 61–70. Retrieved from https://bulecon.enu.kz/index.php/main/article/view/387

Журналдың саны

Бөлім

Статьи