Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің қазіргі жағдайы және дамыту бағыттары
Қаралымдар: 116 / PDF жүктеулері: 105
Кілт сөздер:
инновациялық экономика, тамақ өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, өндіріс көлемі, мемлекеттік бағдарлама, дайын өнімАңдатпа
Авторлық зерттеудің өзектілігі тамақ өнеркәсібінің қарқынды дамуы - ұлттық
экономика дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты қазіргі
заманғы экономика тиімді басқару жүйесінің болуын және отандық өндірушілерді қолдау үшін
жағдай жасауды көздейді.
Қазақстанда болып жатқан экономикалық үдерістер мемлекеттік саясатты жүргізу
контексінде мақсатты болып табылатыны көрсетілген. Дәл осы мемлекет жаңа экономика құру
талаптарына барабар тамақ саласының дамуына шешуші әсер ете алады. Мақала авторы Қазақстан
экономикасының нақты секторының форматында ұлттық экономиканы басқарудың өзекті
мәселелерін қарастырады.
Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің құрылымы қарастырылады: ет және сүт, ұн-
жарма, нан пісіру, макарон, жеміс-көкөніс консервілері, балық және басқа салалары.
Зерттеу барысында тамақ өнеркәсібін дамытудың басқару тетіктері мен тәсілдерін қарады.
Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың өзекті мәселелері қаралды.