Өңірлік инновациялық жүйелердің инновацияны қабылдау қабілеттік деңгейі бойынша Қазақстан өңірлерін саралау әдістемесі
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 84
Кілт сөздер:
инновацияны қабылдау қабілеттілігі, өңірлік инновациялық жүйелер, саралау әдісі, әлеуеттің үлестік көрсеткіштері, нәтижеліліктің үлестік көрсеткіштері.Аңдатпа
Ұлттық және өңірлік инновациялық жүйелердің нәтижелілігін бағалаудың дәстүрлі
тәсілі, әдетте, олардың жұмыс істеуінің тікелей нәтижелерін бағалауды қарастырады. Авторлар
мұндай бағалауға қосымша үлестік көрсеткіштерді есептеу, оларды агрегаттау және саралау
әдістерін пайдалануды ұсынады. Қазақстанның өңірлік инновациялық жүйелерінің мысалында
Методика ранжирования регионов Казахстана по уровню инновационной
осы әдістердің қалай қолданылуы мүмкін екендігі көрсетілген. Авторлар әзірлеген әдістеме өңірлік
инновациялық жүйелер нәтижелілігінің 7 тікелей көрсеткіштерін және 3 қосымша көрсеткішті
пайдаланады, олардың негізінде «әлеует параметрлері» және «нәтижелілік параметрлері»
топтарына біріктірілген 7 үлестік параметрлер есептелген. Көрсеткіштердің осы екі тобы бойынша
жеке дәрежелер есептеледі және Қазақстанның өңірлік инновациялық жүйелерінің қорытынды
дәрежелеріне қосылады. Нәтижесінде, авторлар ұсынылған әдістеменің күшті және әлсіз жақтары
туралы қорытынды жасайды.