Сыртқы сауда аймақтың көлік –логистикалық жүйесін дамытудың факторы ретінде (Шығыс Қазақстан облысының мысалында)
Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 137
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-39-52Кілт сөздер:
сыртқы сауда, экспорт, импорт, тауар айналымы, Шығыс Қазақстан, аймақ, материалдық ағын, көлік, логистика.Аңдатпа
Бұл мақалада Шығыс Қазақстан облысы сыртқы саудасының қазіргі жағдайы және аймақтың сыртқы сауда айналымындағы көліктік қызмет көрсету мүмкіндіктері зерттелген. Өңірдің сыртқы сауда айналымының көрсеткіштеріне талдау жасалған: соңғы бес жылдағы экспорт пен импорт
көлемі, ел экспортындағы аймақтың үлесі, экспорт пен импорттың тауарлық құрылымы және соңғы бес
жылдағы аймақтың серіктес елдермен сыртқы сауда айналымының құрылымы. Мақалада елдегі сыртқы
сауда мен экспортты дамытуды жүзеге асыратын негізгі ұйымдар көрсетіліп, бағдарламалық құжаттар
қарастырылған. Тараптардың сату-сатып алу жөніндегі міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете
отырып, көлік-логистикалық жүйенің қалыпты жұмыс істеуі халықаралық мәмілелердің тиімділігіне
елеулі әсер етеді. Осыған байланысты аймақтың көлік-логистикалық жүйесінің жағдайы мен дамуының
негізгі көрсеткіштері талданған, оның мүмкіндіктері мен басты мәселелері қарастырылған.
Сонымен қатар аймақтағы сыртқы сауданың дамуын және экспорт көлемін ұлғайтуды тежейтін негізгі факторлар анықталған және осы мәселелерді шешу үшін ұсыныстар жасалған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.