Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаға қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының әсер етуінің экономикалық мәселелері
Қаралымдар: 88 / PDF жүктеулері: 115
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-74-86Кілт сөздер:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экологиялық қауіпсіздік, жаңғырту, қала шаруашылығы, экономикалық бағалау.Аңдатпа
Қазақстанның қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (бұдан әрі – ТКШ) инфрақұрылымының тиімді жұмыс істеу мәселелерінің тұрақты дамуы жағдайында мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатын іске асыру шеңберіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Қалалық ТКШ инфрақұрылымын жетілдіру жаһандық жылынудың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың, оның
ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының техногендік араласуынан климаттың өзгеруіне байланысты өңірлердің шиеленісіп отырған экологиялық жағдайында инвесторлар үшін ТКШ
нысандарының тартымдылығының жаңа экономикалық тетіктері мен құралдарын пайдалануды талап
етеді.
Мақалада экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты
дамытудағы экономикалық тетікті қалыптастыру және даму саласы - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қоршаған ортаға әсер ету факторларын зерттеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін арттыру бойынша бағыттарды анықтау
бойынша ғалым-экономистердің зерттеулері келтірілген. Мақала №АР 08957363 «Қазақстан Республикасының тұрғын үй шаруашылығындағы энергиямен қамтамасыз етуді экономикалық бағалау» ғылыми
жобасын гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асыруға дайындалған.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.