Қазақстанда құрылысқа рұқсат құжаттарын алу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру
Қаралымдар: 68 / PDF жүктеулері: 113
DOI:
https://doi.org/10.32523/2079-620X-2021-1-164-173Кілт сөздер:
мемлекеттік қызметтер, рұқсат алу, мемлекеттік орган, бизнес-процесс, мемлекеттік басқару.Аңдатпа
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік басқаруды жаңғырту жүргізілуде. Ондағы
бағыттардың бірі мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру болып табылады. Осы мақалада біз құрылыстағы бизнесті дамыту үшін көп жағдайда байланысты болатын рұқсат құжаттарын алу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін оңтайландыру бойынша зерттеу жүргіздік.
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде
бастапқы материалдарды ұсыну» және «Эскизді және (эскиздік жобаны келісу) қызметтерін көрсету»
бойынша нормативтік-құқықтық актілерді талдау бірқатар проблемалардың бар екенін көрсетті. Атап
айтқанда, бұл келісу кезеңінің ұзақтығына (27 жұмыс күні) және құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алу
кезіндегі бюрократияға (функцияны қайталау, қайта жүгіну, қосымша құжаттарды талап ету) қатысты.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу мақсатында біз осы қызметтерді оңтайландыруды, яғни
оларды бір қызметке біріктіруді ұсынамыз. Ол үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру кезінде
өтінішті қарау кезеңінде эскиздік жобаны құжаттар тізбесіне енгізу қажет. Нәтижесінде өтініш беруші
шығу кезінде құрылысқа рұқсатты да, келісілген эскиздік жобаны да алады. Бұдан басқа, сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шартты көрсету кезінде коммуналдық қызметтерден инженерлік
инфрақұрылымға қосылуға техникалық шарттарға рұқсат алу функциясын алып тастау ұсынылады, өйткені ол құрылысқа жер учаскесін алған кезде беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді оңтайландырудың ұсынылып отырған нұсқасы функцияның қайталануын
болдырмауға, құжаттарды қарау мерзімін объектінің күрделілігіне байланысты 27 жұмыс күнінен 10-
15 жұмыс күніне дейін қысқартуға, композиттік қызмет жасауға және «бір терезе» қағидатын сақтауға
мүмкіндік береді.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.