БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНДА ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ТЕТІКТЕРІ
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 124
DOI:
https://doi.org/10.32523/2789-4320-2023-2-210-219Аңдатпа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жеке тұлғалардың әртүрлі инвестициялық құралдарға қызығушылығының артуында және олардың белсенділігінің артуымен байланысты болы отыр. Осыған байланысты соңғы екі жылда бөлшек инвесторлар санының айтарлықтай өскені байқалады. Қазақстандық бөлшек инвесторлардың сыртқы нарыққа деген қызығушылығы да артып келеді.
Екінші жағынан, азаматтардың қаржылық сауаттылығының айтарлықтай төмен деңгейі байқалады, бұл қаржы нарығының дамуына кедергі келтіреді, қаржы институттарына деген сенімді төмендетеді және сөзсіз бағалы қағаздар нарығында адал емес ойыншылардың өсуіне әкеледі. Осының аясында бағалы қағаздар нарығында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық тетіктерін құру мәселесі өзекті болып келеді.
Зерттеудің мақсаты - бағалы қағаздар нарығында білікті және білікті емес инвесторларды реттеу жүйесінің заманауи халықаралық тәсілдерін енгізу арқылы оларды қорғау механизмдерін әзірлеу болып табылады.
Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы қарастырылды. Білікті және білікті емес инвесторларды қазақстандық реттеудің халықаралық тәжірибеге сәйкестігі бағаланды. Зерттеу әдістемесі салыстырмалы-құқықтық, формальды-логикалық және жүйелеу әдістерінен тұрады. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық негізіне Еуроодақ елдерінің және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттейтін заңнамалары, осы тақырып бойынша әртүрлі ғалымдардың зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ статистикалық мәліметтер жатады.
Downloads
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.